Өзектi

Көзі көрмейтін зағиптарға арналған мобильді қосымша жасалды

11.05.2014

4835

Германияда соқырларға арналған мобильді қосымша жасалды.

Зағип жандарға арналған мобильді қосымша Солтүстік-Рейн-Вестфалияда пайда болды. Guide4Blind соқырлар мен көздері нашар көретіндерге қала көшелерімен жүруге мүмкіндік береді және туристік мақсатта пайдаланылуға болады.

Қосымша қай бағытта жүру керек екенін көрсетіп, егер адам одан алшақтаса немесе жолда кедергі болса, дыбыстық белгі береді. Ол әлдеқайда ұзын, бірақ қауіпсіз жол таңдайды.

Бұл жоба Зост қаласында жүзеге асырылған. Оның құны шамамен 2 млн. еуроға шыққан. Осы қосымшаны жасап шығару туралы ой инженер-геодезист Йорг Петерсқа көзі көрмейтін адаммен болған кездесуден кейін келген.

Қосымшаның дыбыстық файлдары бар, оның арқасында оны пайдаланушы тарихи және архитектуралық ескерткіштер жайлы біле алады.

Дүкендер, медициналық мекемелер, қоғамдық көлік аялдамалары туралы ақпарат бар.

Дыбыстық файлдар белгілі неміс актерларының дауысымен дыбысталған. Бұл қосымшаның көзі көретіндерге, балалар мен шетелдіктерге арналған ағылшын және голланд тіліндегі нұсқалары бар.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар