Өзектi

Таза ауада көбірек жүрген бала зерек болады

11.05.2014

5003

Зерттеушілер аптасына бестен он сағатқа дейін таза ауада ойнайтын балалар далаға көп шықпайтын балаларға қарағанда өз-өзін дамыту сезімі күшті, мақсаты айқын болатынын анықтаған, деп жазады Mignews.

Мичиган университетіндегі сарапшылардың тұжырымына сәйкес, тұрақты түрде таза ауада ойнайтын балалардың әдемілікке сүйсіну сезімі барынша терең, зерек, ойы ұшқыр болады.

Сондай-ақ, таза ауада тұрақты серуендейтін балалар өздерін бақытты сезініп, өздерін қоршаған әлем жайында қызығушылығы жоғары болатыны анықталған.

Зерттеуді жеті-сегіз жастағы балалар тобына Гретель ван Вирен мен Стивен Келлерт сынды ғалымдар жүргізген.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар