Өзектi

Адамның биологиялық жасын қолының қарымынан-ақ анықтауға болады

11.05.2014

5241

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медиктер мен демографтар адамның биологиялық жасын анықтау әдісіне қатысты ортақ пікірге келіп отыр. Олардың пайымынша, адам жасын анықтау үшін қол қысу күшін өлшесе жеткілікті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Зерттеушілердің нақтылауынша, қол қысу күшінің көмегімен адамның биологиялық жасын ғана анықтауға болмайды. Сонымен бірге оның дамуындағы өзгерістермен байланысты болашақта дәрменсіз күйге түсуін, ақыл-парасаттың кемдігін немесе адам өлімін де болжауға болады.

Медиктер болашақта адамның қол қысу күшін өлшеп қана биологиялық жасы көрсеткіштерін және жоғарыда аталған өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік туындайтындығына сенімді.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар