Өзектi

Франция ғалымдары рентген-айна ойлап тапты

06.05.2014

5485

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың «сиқырға толы сандық айна» ойлап табуы арқылы өзімізді өзгеше қалыпта көруге мүмкіндік туды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бұл айна арқылы біз өзіміздің ішкі органдарымызды, сүйек пен бұлшық еттерімізді көре аламыз.

Адамның өз денесіне қатысты пікірін философиялық тұрғыда зерттеу үшін Францияның бір топ ғалымдары сандық айна құрастырды. Ал болашақта ғалымдар құрылғының медицина саласына тигізер пайдасы зор екендігіне сенімді. Адамдар осы рентген-айнаның көмегімен белгілі бір мүшесін тексеріп, алдағы отаға да дайындалуға мүмкіндік туғызар еді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар