Қарбыз семіз адамдардың қан қысымын төмендетіп, жүрек талмасының алдын алуға септігін тигізеді. Бұл тұжырымды америкалық ғалымдар жасап отыр, деп жазады meddaily.
Флорида университетінің профессоры Артур Фигероның айтуынша, қарбыз сығындысын пайдаланғаннан кейін адамның қан қысымы төмендейді. Ол қарбыздың сығындысын дене бітімі толық 13 адамға беріп, 12 апта бойы бақылаған. Олардың барлығы гипертония дертіне шалдыққандар. Зерттеуге қатысқан адамдар қолдарын суық суға салып, ауа температурасының төмендеуін қолдан жасаған. Сондай-ақ оларға күн сайын 50 пайыздан қарбыз сығындысын беріп отырған.
Ғалымдар 12 апта бойы қатысушылардың жағдайын бақылай келе, қарбыз жүрекке түсетін салмақты азайтқанын анықтады.
Мәлімет көзі: today.kz