Алматы маңындағы Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясында жөндеу жұмыстарынан соң негізгі метрлік телескоп жұмыс істей бастады, деп В. Фесенко атындағы астофизикалық институт директоры Чингиз Омаров мәлім етті.
«Өкінішке қарай соңғы көптеген жылдар бойына ол тоқтап тұрған және пайдаланбаған. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының» орасан зор күш жігерінің арқасында биыл біз «Гранит» кәсіпорнымен бірлесіп біздегі Carl Zeiss Jenа фирмасының бір метрлік телескопымызды іске қостық. Ол біздің институттың фундаментальдық зерттеулер бағдарламасын жүргізуге және Қазақстанның мемлекеттік ғарыштық бағдарламасына қатысуды қамтамасыз етеді», – деді Ч. Омаров бейсенбі күні телескопты таныстыруда.
№1-ші телескоп Тянь-Шань обсерваториясында 1980-ші жылдардың соңында орнатылған. Бірақ венгрлердің «Витал» компаниясының электрондық жабдықтары толығымен монтаждалмаған болатын. Соның салдарынан аспанды бақылау тек 1991-ші жылы ғана басталған, ал 1996-шы жылы оның тозығы жеткен электрондық жабдықтарының бұзылуынан бақылау тоқтатылды.
2009-шы жылы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығы» қорғаныс өнімдері үшін радиоэлектрондық жабдықтар жасаумен айналысатын қазақстандық «Гранит» ЖШС-пен жергілікті үлгісін жасау туралы келісімшарт жасады. Кәсіпорынның конструкторлық-технологиялық бюросы телескопты басқару жүйесінің принципін әзірлеп, электрондық схемаларын жасады.
Қазір телескоп пен оның шатырын басқару толығымен автоматтандырылған және телескоппен алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 2010-шы жылдың соңына дейін, обсерватория жетекшісі Кеңес Құратовтың айтуынша, обсерватория қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне толығымен көшіріліп, ол әлем ғалымдарына келісімшарттармен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ондай серіктестікке қазірдің өзінде Ресей, Франция мен Германия ғалымдары қызығушылық танытып отыр.
«Тянь-Шань обсерваториясы жылына 300 тәулік бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл басқа кейбір обсерваторияларға қарағанда аз. Біздің артықшылығымыз – ауаның тұнықтығы. Ол бақылауды жемісті түрде жүргізуге мүмкіндік береді», – деді К. Құратов.
Басқару жүйесін жасауға Т2 млн жаратылды. К. Құратовтың айтуынша, мұндай жұмыстардың нақты құны біршама артық, бірақ «Гранит» ЖШС бізге ынтымақтастыққа барды.
«Келешекте Ассы-Түрген обсерваториясы қалпына келтіріледі, онда да бір метрлік телескоп орнатылған», – деді ол.
Источник: today.kz