EXPO-2017

Батыс педиатрлары баланы сүндетке отырғызуды міндеттеуді ұсынды

09.04.2014

6113

Батыс педиатрлары ұл баланы кішкентай кезінде сүндетке отырғызу керек деген бастама көтерді.

Америка мен Австралия мамандары балаларға кішкентай кезінде екпемен бірге сүндетке отырығзу да қолданысқа енгізуді ұсынып отыр. Себебі, ол балаларды түрлі дерттен сақтайды, деп жазады meddaily.

Профессор Брайан Морристің айтуынша, сүндетке отырғызылмаған балалардың 50 пайызы түрлі дертке шалдығады. Әсіресе, олардың басым бөлігі бүйрек ауруларымен келеді екен.

Сондай-ақ ол баланың кішкентай кезінде жүзеге асырылуы тиіс деп отыр. Айта кетерлігі, Америкалық педиатрия академиясы сүндетке отырғызу ер адамдарды түрлі инфекциядан сақтайтынын айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

Алайда, бірқатар елдерде бұл мәселеге теріс көзқарас қалыптасқан. Мәселен, Скандинавияда сүндетке отырғызу заң бойынша баланы қорлау және оның құқығын таптау деп танылған.

Источник: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар