АСТАНА. ҚазАқпарат
- Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың алатын рөлі айрықша. Бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары тәуелсіз елдің білікті мамандарын даярлауда үлкен табыстарға қол жеткізіп келеді.
Білім ордасының түлектері Елордамыздағы мемлекеттік органдарда және өз мамандықтары бойынша білім мен ғылым саласының іргелі ұйымдарында, сондай-ақ көптеген өңірлерде табысты еңбек етуде. Шетелде білімін жалғастырып жатқан шәкірттер де аз емес.
Осындай білікті мамандарды даярлаудағы оқытушылардың еселі еңбектері марапатқа лайықты. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде өзіндік қолтаңбалары бар ұстаздарды марапаттап, ізгі тілегін жеткізді.
Атап айтқанда, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Шәмен Палымбетов пен журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары Гүлжауһар Болатоваға «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін табыс етті.
Сондай-ақ ақпараттық технологиялар факультетінің екі бірдей кафедра меңгерушісі сертификатқа ие болды.
Источник: inform.kz