EXPO-2017

Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды

26.03.2014

4096

Әңгіме иммунитетке жауапты FAT10 гені туралы болып отыр. Егер зат алмасу процесін де үйлестіретін аталмыш геннің жұмысы тоқтатылса, адам ағзасын семіздік пен қартаюдан сақтауға болады.

Ғалымдар бұл зерттеулерін тышқандарға жасап көрген. Тәжірибе кезінде мамандар тышқандардағы аталған ген түрінің жұмысын тоқтатып тастаған. Нәтижесінде тышқандардың өмірі 20 пайызға ұзарды. Сонымен қатар, ол тышқандар семіздікке де шалдықпағаны белгілі болды.

Ғалымдар өздерінің бұл зерттеулері болашақта адамдарға септігін тигізер деп үміттенеді, деп жазады росбалт.

Источник: www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар