Ғылыми жаңалықтар

Ғылыми қамтымды экономикасыз «Мәңгiлiк елге» айнала алмаймыз – Ж.Әдiлов

13.03.2014

3842

Қазақстан ғылыми қамтымды экономикасыз «Мәңгiлiк ел» идеясына көшудiң экономикалық базисiн құра алмайды. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Елбасының биылғы Жолдауының техникалық бiлiм үшiн маңызы зор. Өздерiңiз бiлетiндей, Жолдауда Президент «Мәңгiлiк ел» деген ұлттық идеяны ұсынды. Бұл идеяны жүзеге асыруда адам капиталының алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы атап өткен идеяларды жүзеге асыратын адам капиталы қалыптасуы керек. Егер жоғары бiлiм саласын алар болсақ, онда тұрақты дамуға қол жеткiзу үшiн әрбiр елдiң дұрыс бiлiм беру жүйесi, сәйкес ғылыми-бiлiм беру инфрақұрылымы болуы керек. Ол сол елдiң алға қойған мiндеттерi мен айтылған идеяларын жүзеге асыратын адамдарды дайындауы керек», - дедi ЖОО басшысы.

«Жолдауда ғылыми қамтымды экономика құру мәселесi көтерiлдi. Яғни, қазақстандық ғылымның әлеуетiн көтеру. Ғылыми қамтымды экономиканы құрмайынша, бiз, «Мәңгiлiк ел» идеясына көшу және елiмiздiң әлемнiң ең дамыған 30 елiнiң қатарына кiру идеясына арналған экономикалық базис құра алмаймыз», - дедi университет ректоры.

Ол осы отыздыққа кiруге Бразилия, Ресей және ОАР үмiткер екенiн және ол отыздықтағы кей мемлекеттерге жасалған талдау бойынша бiз бiрқатар көрсеткiштердi қазiрдiң өзiнде-ақ еңсерiп қойғанымызды айтты.

Мәлімет көзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар