Ғалымдар: Күйзеліс пен бастың ауруы бір-бірімен байланысты
21.02.2014
4121
Күйзеліс жағдайында жүрген адамдардың көбіне басы ауырады. Бұлай деп Америка неврология академиясының жыл сайынғы конференциясы барысында америкалық ғалымдар мәлімдеді.
Мұндай тұжырымға олар 20-70 жас аралығындағы 5 мың адамға зерттеу жүргізу барысында келген.
Адамдар күйзеліс жағдайында жүргенде бастың қысып ауруы жиілеп кетеді екен. Қатты күйзелген сайын бас ауруы да үдей түседі. Сондықтан, күйзеліс пен бас ауруы бір-бірімен тығыз байланысты, деп жазады Росбалт.
Мәлімет көзі: inform.kz
| «« | »» |