EXPO-2017

Ғылымда көзге түскен мұсылман әйелдері

18.02.2014

4004

Тарихта тұңғыш рет «Ислам әлеміндегі ғылымда көзге түскен әйелдердің топ-20» тізімі «Мұсылман және ғылым» журналында жарық көрді. Олар – ислам әлемінің елеусіздеу кейіпкерлері. Алайда, олардың ислам әлемінің ғылымы мен инновациясына қосқан үлесі зор, деп жазады muslim.kz.

Осынау құрметті тізімнің көш басында мысырлық доктор Самира Мұсаның аты-жөні тұр. Оның еңбегі бейбіт атомды зерделеуге арналған. Ал екінші орынға профессор Несрин Хаддар есімді ғалым әйел жайғасқан. Ол бар білімі мен жігерін Кувейттің және Ливанның энергетикалық болашағын зерделеуге арнап келеді. Үшінші орынға Пәкістанда туып-өскен профессор Бина Шахин Сыддық есімді өсімдіктанушы табан тіреген.

Аталмыш тізімде ұзын саны 20 ақ жаулықтының аты-жөні тіркелген. Олар ғылымда айтарлықтай жетістікке жетіп, көш бастап келеді. Ғалым әйелдерді әлемнің түкпір-түкпірінен кезіктіруге болады. Олардың дені Оңтүстік-шығыс Азияда, Оңтүстік және Орталық Азияда, Парсы шығанағында, Мағрыб елдері мен Солтүстік Африкада, сондай-ақ Солтүстік Америка мен Еуропада ғылыммен шұғылданып жүр.

Мәлімет көзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар