Ғылыми жаңалықтар

Ұялы телефон безеулердің шығып кетуіне әсер етеді

17.02.2014

3818

Ұялы телефон адамның сымбаттылығына нұқсан келтіріп, бет терісіне безеулердің шығуына ықпал етеді.
Смартфондарда микробтардың саны өте көп. Қарапайым телефонда болатын бактериялардың саны унитаз орындығындағы микробтарға қарағанда көп. Сондықтан бет терісі ғана емес, тұтастай ағза бұл девайстардан зардап шегуі әбден мүмкін, деп жазады medikforum.ru.

Ұялы телефондар көздің көру қабілетіне де қатты әсер етеді. Адам экранға неғұрлым көп қарайтын болса, көздің ылғалдылығы да соғұрлым төмендей береді. Бұл өз кезегінде түрлі инфекциялардың еніп кетуіне қолайлы болады. Кішкентай нысандарға ұзақ қараған сайын да көздің көру қабілеті де нашарлай береді.

Мобильді телефондардың кесірінен адамның дене сымбаты да өзгереді. Қазіргі уақытта мойын және арқа омыртқасының ауруларына адамдар жиі шағымданады. Сондықтан телефон арқылы көп сөйлесетін адамдарға сымсыз гарнитураны сатып алу керек.

Ұялы телефонды жиі шұқылап отыратындарда жақ бұлшықеттері әлсірейді. Басымызды төмен қарап ұзақ отыратын болсақ, жақ еті мен терісі әлсіздене береді. Бұның өзі болашақта үлкен зардабын тигізеді. Сол себепті смартфонды дәл алдыңызда ұстап қарағаныңыз жөн.

Безеулердің жиі шығуы ұялы телефоннан болатынын ешбіріміз аңғармайтынымыз анық. Дегенмен, ғалымдар бұны дәлелдеп шықты. Сөйлескен тұста бетімізге жанасатын смартфондарда миллиардтаған микробтар болады. Олар өз кезегінде теріге енеді.

Ал смартфондар арқылы өлең тыңдайтын жандарда есту қабілеті күн өткен сайын төмендей береді. Сондықтан құлаққа ойнатқыш саларда, музыканың дауысын ақырындатуды ұмытпаңыздар.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар