Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар мидың молекулалық моделін жасауды қолға алды

17.02.2014

3983

Әлемнің жетекші университеттері 10 жылдың ішінде адам миының молекулалық моделін жасап шығару үшін біріге бастады. Brainome деп аталатын жоба адамның ойлау жүйесімен жұмыс істейтін компьютер жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Аталған жоба аясында бірігіп жұмыс істеу үшін әлем бойынша сексен университет жұмылдырылып отыр. Ондағы мақсат - мидың жұмысын толық түсіну үшін жасанды жолмен оның құрылымын жасауды көздейді.

«Адам миының жұмысын толық шешу кезінде ең басты құрылымдық-қызметтік бірлік болып табылатын ерекше жасауша - нейронға дейін зерттеледі. Нәтижесінде ғалымдар компьютер жүйесінің көмегімен бірінші болып адам миының толық баламасын жасай алады», - дейді жоба жетекшілері.

Кейбір мамандардың пікірінше, Brainome жобасы революциялық компьютерлік технологияның негізін қалауға мүмкіндік береді. Ондай компьютерлер адам миының баламалы принциптері бойынша жұмыс істейтін болады.

Қазір жобада Еуроодақ, АҚШ, Қытай және Жапонияның 22 университеті жұмыс істеп жатыр.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар