Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: Әйелдер табысты ерлерді түріне қарап анықтайды

06.02.2014

3962

Табысты ер азаматтар әйелдердің көзімен қарағанда сүйкімді көрінеді. Бұған Цюрих университетінің бір топ ғалымдары дәлел келтіріп отыр.

Зерттеушілер бір топ әйелдер қауымынан 2012 жылы өткен Тур де Франс веложарысының 80 қатысушысының тартымдылығын бағалауды өтінген.

Аталған зерттеу кезінде нәзік жандылар спортшының нәтижесі неғұрлым жақсы болса, соғұрлым жоғары баға беріп отырғаны анықталды.

Ғалымдардың пайымдауынша, адамның түріне қарап физикалық нәтижелілікті анықтау арғы ата-бабалардан қалған рудиментарлық қасиет болып табылады.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар