EXPO-2017

Климаттың өзгеруі пингвиндердің қырылуына алып келуде

31.01.2014

4105

Соңғы жүзжылдықтағы климаттың күрт жылынуы, толассыз жауын-шашындар Оңтүстік Американы мен Тынық, Атлант мұхиттарындағы аралдарды мекендейтін магеллан пингвиндерінің қырылуына алып келді дейді экологтар PLoS One журналына берген мақаласында.
"Біз климаттың өзгеруіне ешқандай қарсылық көрсете алмаймыз. Алайда, магеллан пингвиндерінің барлығын азықтандыру мүмкіндігін туғызуға жағдай жасауға болады. Мәселен, осынау құстардың мекендейтін аймақтарында балық аулауға тиым салсақ - соның өзі үлкен көмек болар еді" дейді Сиэтлдағы (АҚШ) Вашингтон университетінің ғалымы Ди Берсма.
Ол бастаған ғалымдар тобы Аргентинаны мекендейтін пингвиндерді 27 жыл бойы зерттеген. Нәтижесінде белгілі болғаны, жыл сайын пингвин балапандарының 65 пайызы өледі екен. Соның 40 пайызы аштықтан қырылып қалады. Тағы 7 пайызы климаттың кері әсерінен.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар