Ғылыми жаңалықтар

"Википедия" әйгілі адамдардың үнін сақтайды

30.01.2014

4034

"Википедияның" жұмысын дамытумен айналысатын "Викимедиа" қоры Voice Intro Project (WikiVIP) жобасының іске қосылғанын жария етті. Басты мақсат - саясаткер, ақын-жазушы, спортшы, ғалым,т.б әйгілі азаматтардың дауысын жазып алу. Аудиожазбаларды онлайн-энциклопедияның әйгілі адамдарға арналған өз парақшасынан тыңдауға болады.
Жоба авторы Энди Маббетттің айтуынша, WikiVIP "Википедия" оқырмандарының атақты адамдардың даусын тыңдай отырып, олардың аты жөндерінің қалай айтылуы, жазылуын, өмір тарихымен тереңірек танысуға бірден-бір мүмкіндігі бар. Әрбір ролик 10 секундқа созылады.
Жобаға алғаш болып Стивен Фрай қатысыпты. Ағылшын әртісі мен жазушысының даусы жазылған жазбаны оның "Википедиядағы" ағылшын парақшасында тыңдауға болады. WikiVIP үшін кейбір жазбаларды BBC арнасы да ұсынып отыр. Бұл қорға жүктелген файлдардың арасында әйгілі актер Бенедикт Камбербэтчтың, Мьянме демократиялық оппозициясының көшбасшысы Аун Сан Су Чжи секілді белді азаматтар бар.
WikiVIP-ке кез келген азамат өз үлесін қоса алады екен. Ол үшін "Википедияда" парақшасы бар әйгілі адамның даусын жазып, энциклопедия редакторларына жіберу керек.

Мәләмет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар