EXPO-2017

Мемлекеттік сатып алу ісіне ендігі жерде әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары жауапты болмақ

28.01.2014

3562

Қаңтар айында Президент Н.Назарбаев мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа Заңның қалыптасқан жүйе жұмысына қандай өзгеріс әкелетіндігі жайында «Мегаполис» газетіне берген сұхбатында Сенат депутаты Михаил БОРТНИК болжам жасап, ой бөлісіпті.

– Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ең алдымен Елбасының тапсырмасы. Әсіресе өткен жылдың қазан айында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру туралы Үкімет атына айтылған қатаң сынынан соң өзгерістер енгізуге тура келді. Екінші себебі – Қазақстанның халықаралық міндеттерін орындауы. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім Қазақстанда Бірыңғай экономикалық кеңістік құруды талап етті. Өзгерістер енгізуге және бір себеп мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың келеңсіздіктерге жиі ұшырауы болды.

«Қаржы полициясының мәліметі бойынша тек соңғы төрт жылдың ішінде мемлекеттік сатып алу аясында 1800 қылмыс анықталған, олардан мемлекет қазынасына келген шығын көлемі миллиард теңгеге тең».

Өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу аясы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлаған жүйе болып тұр. Қаржы полициясының мәліметі бойынша тек соңғы төрт жылдың ішінде мемсатып алу аясында 1800 қылмыс анықталған, олардан мемлекет қазынасына келген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге тең.

«Ендігі жерде потенциалды жеткізушінің 3 тәулік ішінде конкурсқа қатысуға берген өтінішіне қосымша құжаттарды жеткізуге немесе түзеуге толық құқығы бар».

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру әділетті өтуі үшін Бірыңғай сатып алу органы құрылады. Республика деңгейінде мұндай орган осы айда, ал аймақтар бойынша 2015 жылдың қаңтарынан бастап құрылады. Ендігі жерде әкімдер мен мемлекеттік органдар басшылары мемлекеттік сатып алу процесіне басшылық жасап, жауапты болады. Бұл да аталған заңның бір жаңашылдығы.

Заңдағы «Тауарлар бағасы, жұмыс, қызметтер туралы мәліметтер базасы», «тауар, жұмыс, қызмет анықтамалығы» кіріспесі мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бейімделуге және сатып алуды ұйымдастырушылардың әрқайсысы енді тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріне әртүрлі баға қоймайды,

бір бағаны бекітеді. Менің пікірімше, бұл өтпей қалатын конкурстар жиілігін төмендетеді және бұл процестегі жемқорлықты да азайтады.

– Заңға енгізілген түзетулер бойынша эксперт комиссиясы үздік техникалық құжаты бар тауар, жұмыс, қызмет түрлерін іріктеп алады, ал кейін жеткізуші өз бағасын ұсынады. Нақтысын айтқанда, сапаға мән беріледі.

– 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Заңға «ұлттық режим» түсінігі енгізілді. Бұл мемлекеттік сатып алуға шетелдік кәсіпкерлердің қатысуына рұқсат береді. Ресей мен Белоруссияда мұндай ұлттық режим 2012 жылдан бері күшіне енген. Аталған елдерде қазақстандық кәсіпкерлер де олармен тең дәрежеде мемлекеттік сатып алуға қатысып жүр, - дейді депутат Михаил БОРТНИК.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар