Ғылыми жаңалықтар

Айды зерттейтін аппараттан ақау шықты

28.01.2014

3847

Қытай Айға ұшырған ғарыш аппаратынан техникалық ақау шығып, миссиясын аяқтай алмауы мүмкін деп мәлімдеді.

Қытайдың “Юйту” (“Көкшіл қоян”) деп аталатын аппараты 2 желтоқсанда Сычуан провинциясынан ұшырылып, өткен айда Айдың бетіне қонған еді. Аппарат Ай бетінде үш ай зерттеу жүргізеді деп жоспарланған.

Қытай 2007 жылы Жердің табиғи серігіне алғашқы аппаратын ұшырып, ол Айдың беткі қабатын суретке түсіріп алған.

Қытайдың коммунистік басшылығы елді АҚШ және Ресеймен қатар тұратын ғарыштық державаға айналдыруды көздеп отыр.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар