Ғылыми жаңалықтар

Семейлік оқушы әлемдік байқауда топ жарды

21.01.2014

3565

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айнұр Мәшпиева халықаралық білім тестінен әлемдегі ең үзіктердің қатарынан көрінді. Математика пәні бойынша өткен «SAT» халықаралық білім байқауы 175 мемлекетте бір мезетте өткен.

Семейлік қыз ағылшын тілінде өткен тестілеуде ең жоғары 800 бал жинап, сертификатқа қол жеткізді. Сол жетістігі арқылы білімді жас Кембридж, Оксфорд, Гарвард сынды әлемнің озық оқу орындарының кез келгенінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Алайда дарын иесі алдағы уақытта өзге мемелекетте емес, Астанадағы Назарбаев университетінде ғана оқуға ниетті. Өйткені бұл университет білім деңгейі бойынша әлемдегі ең үзіктердің санатында деген пікірде.

Айнұр Мәшпиева, Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
Бакалавриат бағдарламасына түсуге осы тест қажет. Назарбаев университетіне түсу үшін 600-ден астам балл керек. Ал менікі - 800, ең жоғарғы балл. Яғни, жеткілікті. Енді мен бұл емтиханды қайтадан тапсырмаймын, басқа да емтихандарға назар аударуға мүмкіндік береді.

Мәлімет көзі: kaztrk.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар