Қазақстанда 2014 жылға Технологияларды коммерциаландыруға арналған гранттар бағдарламасын бастады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Технологияларды коммерциаландыру орталығы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен 2014 жылы технологияларды коммерциаландыруға арналған гранттар бағдарламасына қатысуға өтініштерді ағымдағы жылдың 10 қаңтардан бастап қабылдауда.
«Бағдарлама мақсаты – өтініш берушілердің идеяларының коммерциялық құндылығын анықтау, технологияларды лицензиалау мақсатында оларды қаржыландыру, стартап компанияларды құру немесе озық халықаралық тәжірибені ескере отырып жоғары технологиялық өнімді сату мақсатында қаржыландыру», – делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, грант бағдарламасын іске асыру гранттың 2 түріне бөлінеді. Гранттардың бірінші түрі 150 мың АҚШ долларына дейінгі көлемде тұжырымдаманы негіздеуге ұсынылады. Гранттың екінші түрі 500 мың АҚШ долларына дейін сомада өнімнің өнеркәсіптік үлгісін әзірлеуге арналған.
Берілген бағдарламаның ерекшелігі, ТКО қызметкерлерімен грантты алатындарды тәжірибелік қолдау жүйесі енгізілетін болады. Отандық және шетелдік мамандар әр жобаны жүзеге асыру бойынша кеңес беретін болады.
Мәліметкөзі: primeminister.kz