Әлем медицинасы күресіп келе жатқан қатерлі ісіктің алдын алуға не әсер ететіні анықталды. Бұл туралы Muftiyat.kz хабарлады.
Республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққандар еміне шипа іздеп, тіпті өзге мемлекеттерге барады. Енді оның алдын алуға болатыны мәлім болып отыр. Мәселен, Каир қаласының (Мысыр) ұлттық сәулелер технологиясы орталығы сәжденің адамды қатерлі ісіктен сақтайтынын анықтаған. Зерттеу нәтижесі сәжденің, әсіресе, жүкті әйелдерге барынша пайдалы екенін және түсік тастау қаупінің алдын алатынын, сонымен қатар, бірқатар физикалық және психологиялық ауруларға да оңтайлы әсер ететінін дәлелдеп берді.
Сәулелер технологиясы орталығының бөлім бастығы, биология профессоры Мұхаммед Зияддин Хамид бүгінде адамдарды жан-жағынан электромагниттік толқындар қоршап тұрғандықтан, өзіне қаншама зиянды сәулелер қабылдайтынын және оны денесінен сыртқа қалай да шығару керектігін айтады. Адам денесіндегі бұл электромагнит АЛЛАҒА сәжде етумен сыртқа шығатыны анықталды. Яғни, бойдағы энергия сәждеге барғанда жерге тиетін адамның жеті ағзасы арқылы сыртқа жылдам шығады екен. Бұл адамның шаршауын басып, кейбір ауруларға шипалы болатын көрінеді. Сосын сәждеге барғанда да жер жүзінің кіндігі саналған Қағбаға қарау керектігін де маңызды деп санайды. Бұл бойдағы жағымсыз энергияның сыртқа шығуына ең қолайлы позиция көрінеді.
Профессор Зияддин адамның таң намазын оқу арқылы бойдағы жағымсыз элементтерден арылып, күнін сергек бастайтынын айтады. Ал бесін, екінті, ақшам намаздары адам бойындағы шаршауды, күйзелісті азайтып, адамға психологиялық жайлы көңіл-күй сыйлайды. Құптан намазы болса, денедегі қалған электромагнитті бойдан сілкіп тастап, жайлы да рахат бір ұйқыға кетуге септігін тигізеді екен.
Мәлімет көзі: Muftiyat.kz