Әлемдегі ғылым

Полиметалл шикізатын кешенді қайта өңдеудің жаңа технологиялары

05.10.2026

14

Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықтың ғалымдары байытылуы қиын, жоғары кремнийлі полиметалл кендерін кешенді қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және оларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу, нәтижесінде жаңа түрдегі кешенді кремнийлі қорытпалар мен қорғасын-мырыш ұшырындыларын алу және әрі қарай қорғасын мен мырыш құрамды өнімдерді өндіру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асырды. 

Зерттеу барысында тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайларда қорғасын және мырыш өнімдерін алуға жарамды әртүрлі маркалы кремний қорытпаларын және қорғасын мен мырыш ұшырындыларын алудың оңтайлы параметрлері пысықталды. Ферроқорытпаның тәжірибелі партиялары алынды: -кальций және -магний құрамды, %: 40-45 Si,  18-20 Al, 8-15 Ca, 2-4 Mg  және Feқалғаны, алюминий силикомарганец, Mn-28,60, Si-41,40, Al-14,05, C-0,067, Feқалғ.; ферросилицийдің ФС25, ФС45, ФС65 маркалары; алюминий мөлшері төмен борлы ферросилиций (алюминийді бөлу дәрежесі 94,3–97,3%). 

Сондай-ақ қорғасын-мырыш ұшырындыларынан келесі тауарлық өнімдер алынды: техникалық талаптарға сай катодты мырыш (ЦВ0 маркасы), MgCl2·6H2O, MgSO4·7H2O және құрамында 83,5% Pb бар 3PbO·PbSO₄·2H₂O. 

Зерттеу нәтижелерін металлургия, ферроқорытпа өндірісі, машина жасау және химия өнеркәсібінде қолдануға болады. Жұмыстың экономикалық тиімділігі мен маңыздылығы бастапқы шикізатты кешенді пайдалану деңгейін 2,18%-дан 35–65%-ға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Ғылыми жоба: «Полиметалл шикізатын кешенді қайта өңдеудің принципті түрде жаңа технологияларын әзірлеу»
Жетекшісі: техника ғылымдарының докторы, профессор А.А. Жарменов

Фото ЖИ арқылы жасалды


«« | »»
Соңғы жаңалықтар