Физика-техникалық институт ғалымдары тиімді фотокаталитикалық электродтарды, фото және газды сезгіш сенсорларды жасау үшін оксидтер, металл халькогенидтері және көміртегі негізіндегі наноқұрылымды материалдарды синтездеу технологияларын кешенді зерттеп жатыр.
Зерттеу барысында құрғақ күйде де металл иондары су молекулаларымен үйлестірілетіні анықталды, плазмоникалық қасиеттері бар кеуекті жартылай өткізгіштерді алу әдістері жасалды. PAM-Ag-g/WS2/Ti3C2Tx гидрогелі әзірленді, ол қозғалыс сенсорлары мен химиялық сенсорлар, оптика және катализ сияқты әртүрлі қолданбаларда қолданылатын икемді тензометрлерді жасау үшін перспективалы материал болып саналады.
Бұдан бөлек, Ni-PNPs/por-Si, Ni/Ag-PNPs/por-Si және Ag-PNPs/por-Si синтезделген плазмоникалық электродтарды қолдану арқылы сутегі қондырғысында сутегімен байытылған Браун газын алудың жоғары энергетикалық, техникалық қауіпсіз әдісі әзірленді. Газ датчиктерінде бөлме температурасына сезімтал пленкаларды пайдалану аппараттық құралдарды жеңілдетеді және құрылғының құнын төмендетеді.
Ғылыми жоба: «Тиімді фотокаталитикалық электродтар, фотосезгіш және газсезгіш сенсорлар жасау үшін наноқұрылымды материалдарды синтездеу технологияларын әзірлеу»
Жетекшісі: физика-математика ғылымдарының кандидаты Е.А. Дмитриева
Фото: Istock