Әлемдегі ғылым

Мұнай өндіру коэффициентін көбейтуге арналған ғылыми-техникалық шешімдер

16.09.2026

8

Сәтбаев университетінің ғалымдары мұнай алу коэффициентін көбейтуге және инфрақұрылымның қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған ғылыми-техникалық шешімдер әзірлеп жатыр. 

Зерттеу барысында жарықшақты коллекторларды талдау үшін қос өткізгішті 3D модель жасалды, бұрғылау тиімділігін арттыруға арналған гидроударник әзірленді, мұнай тұтқырлығын 30%-дан астам (тәжірибеде 45%-ға дейін) төмендету әдісі ұсынылды, парафин түсуін болжау алгоритмі мен PVT және WAX есептеулеріне арналған бағдарламалық өнім жасалды, полимерлі гельдердің 90–100%-ға дейінгі сулануды төмендету тиімділігі дәлелденді, сондай-ақ агрессивті ортаға төзімділігі жоғары полиуретан-эпоксидті жабындар синтезделді.

Зерттеу нәтижелері мұнай алу коэффициентін 20-25%-ға арттыруға, ұңғымалардың сулануын 90–100%-ға дейін төмендетуге, лифтинг шығындарын едәуір азайтуға, гидроударникті қолдану арқылы бұрғылау шығындарын қысқартуға, құбырлардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және жаңа жабындар есебінен жөндеу шығындарын азайтуға, сондай-ақ парафин түсуі мен коррозиямен байланысты апаттар мен экологиялық қауіптерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта әзірленген модельдерді әртүрлі коллектор түрлеріне бейімдеу, бағдарламалық өнімдерді кен орындарын цифрлық басқару платформаларына интеграциялау, гидроударникті сынақтан өткізуді кеңейту, экстремалды жағдайларға арналған гельдердің модификацияланған құрамдарын жасау және гибридті жабындарды құбыр сенімділігін арттыруға бағытталған ұлттық бағдарламаларға енгізу жоспарлануда.

Ғылыми жоба: BR21881822 «Кенорындарды игерудің кейінгі кезеңінде ұңғымаларды бұрғылау және мұнай өндіру кезіндегі геологиялық-техникалық операцияларды оңтайландыруға арналған техникалық шешімдерді әзірлеу»
Жетекшісі: тех. ғыл. докторы, профессор Г.Ж. Молдабаева

Фото: Istock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар