Қазақстан ғылымы

Зақымдалған сүйек тіндерін қалпына келтірудің жаңа технологиясы

15.09.2026

4

Қазақстанда зақымдалған шеміршек және сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған жаңа технологиялар әзірленуде. Осындай әзірлемелердің бірі – Ұлттық биотехнология орталығы академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығымен (ҰҒТОО) бірлесіп әзірлеген инъекциялық биокомпозитті гидрогель. Ол зақымдалған аймаққа енгізіліп, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасайды. Оның құрамында пациенттің өз мезенхималық дің жасушалары мен өсу факторлары бар.

ҰҒТОО травматолог-ортопеді, дәрігер Меруерт Махметованың әзірлемесі тобық буынының асықты жілік сүйегінің остеохондралды кемістіктерін хирургиялық емдеуде жоғары перспективалылығын көрсетті. «Батпенов оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жас ғалымның ғылыми жұмысы бірінші орынға ие болды.

Жас ғалымдар байқауы 10–11 қыркүйекте Астанада өткен және академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына орайластырылған «Пәнаралық травматология және ортопедия: диагностикадан оңалтуға дейін» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде  ұйымдастырылды.

Биылғы конференцияға Қазақстан өңірлері мен шетелдерден 850-ден астам қатысушы жиналды. Бағдарламаның шеңберінде 190-нан астам баяндама, бес көрсетілімдік операция және екі сателлиттік симпозиум өткізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1291807?lang=kk
Фото ЖИ арқылы жасалды

«« | »»
Соңғы жаңалықтар