Әлемдегі ғылым

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірілмек

21.08.2026

17

Астанадағы Qazbot Robotics Forum-да гуманоид роботтар өндірісін іске қосу жобасы таныстырылды. Жоба робототехника, жасанды интеллект және өнеркәсіптік өндіріс бағыттарын біріктіріп, елімізде өзіндік технологиялық және инженерлік құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Жоба гуманоид роботтар мен Embodied AI саласындағы шешімдерді әзірлеуге және өндіруге маманданған халықаралық AgiBot технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Серіктестік аясында технологияларды Қазақстанда локализациялау, инженерлік құзыреттерді дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу және мамандар даярлау көзделген.

Бүгінде елімізде жаңа технологиялық бағытты дамытуға қажетті кадрлық база қалыптасып келеді. Қазақстандық жоғары оқу орындарында робототехника, мехатроника, өнеркәсіптік автоматтандыру, интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект салалары бойынша 56 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының AgiBot компаниясымен ынтымақтастығы жеке бағыт ретінде дамытылады. Ынтымақтастық ғалымдар, оқытушылар мен студенттерді гуманоид робототехника және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге тартуды, бейінді мамандар даярлауды, сондай-ақ озық робототехникалық шешімдерді Қазақстан өнеркәсібінің қажеттіліктеріне бейімдеуді көздейді.

Бұл жұмысқа Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) да қосылды. Институт гуманоид робототехника саласындағы құзыреттерді дамыту бойынша ғылыми және жүйелік интеграциялық серіктес ретінде жұмыс жүргізуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1276915?lang=kk
Фото: Adobe stock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар