Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми ұжымы қазақстандық минералдар (цеолит, вермикулит) және пробиотикалық штамм (E. coli 39-SN) негізінде аквамәдениетке арналған синбиотиктердің технологиялары мен қауіпсіздік негіздемесін дайындауда.
Өнеркәсіптік балық шаруашылығы көптеген шаруашылықтар мен кәсіпорындарға табыс әкеліп, халық үшін жұмыс орындарын құрайтын, экономиканың экспорттық әлеуетін арттырып, биологиялық әртүрліліктің жаңартылған көзі болғандықтан, ел экономикасында маңызды рөл атқарады және перспективалы салалардың бірі болып табылады.
Қазақстанның аквамәдениетін толыққанды азықпен қамтамасыз етудегі проблеманың бірі – елімізде өндірілетін жем балықтың тұқы түрлеріне бағдарланған. Форель мен бекіре тұқымдас балықтарды өсіру үшін шетелдік өндірістің жоғары сапалы жемін сатып алу қажет.
Аквамәдениет өндірісінің дамуына қарамастан, бұл саланың өсуін тежейтін мәселелер де жоқ емес. Мұндай проблемалардың қатарында ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұр. Балықтың сақталуына және өнім өндірісінің көлеміне тіршілік ету ортасы, жем сапасы, вирустық және бактериялық сипаттағы жұқпалы аурулардың, паразитоздардың болмауы әсер етеді. Егер қажетті жағдайлар сақталмаса (балық популяциясының тығыздығының жоғарылауы, судың, жемнің сапасының төмендігі және т.б.), ең осал тұсы балықтың микробиомасы болмақ.
Бүгінгі күні ішек микрофлорасын қалпына келтіруге белсенді түрде қатысатын микробтық экзометаболиттердің рөлі құжатталған. Бұл деректер стандартталған пробиотикалық препараттарды жасауға бағытталған биотехнологияның жаңа буынын дамытуға мықты қызмет етеді.
Жоба аясында «Балықтардағы ауруларды емдеуге және алдын алуға арналған синбиотик» (№10534, 08.05.2025 ж.) пайдалы моделіне ҚР патенті алынған пробиотикалық штамм (E. coli 39-SN) және пребиотиктер (цеолит және вермикулит) негізінде синбиотик алу технологиясы әзірленді.
Балық өсіру жағдайында синбиотиктерді диетаға қосып, балықты (құбылмалы форель (Encorhynchus mykiss), бекіре (Acipenser baerii), кларийді (Clarias gariepinus) эксперимент түрінде өсіру нәтижелері балықтың физиологиялық жағдайы мен тауарлық қасиеттері қалыпты нормада екенін көрсетті. Морфофизиологиялық параметрлер құрамында табиғи минералдар (цеолит, вермикулит) және E. coli 39 SN пробиотикалық штаммы бар синбиотикалық қоспаларды қолданудың оң әсерін растады. Табиғи минералдарды (цеолит, вермикулит) пребиотик ретінде пайдалану бақылау тобымен салыстырғанда балық ағзасының спецификалық емес төзімділік көрсеткіштерінің жоғарылауына ықпал еткені анықталды. Тәжірибелі топтардағы балықтардың гистоморфологиялық талдауы желбезектерде, ішкі мүшелерде және ішекте патологиялық өзгерістерді анықтаған жоқ, бұл синбиотиктерді қолдану кезінде балықтардың физиологиялық күйіндегі оң динамиканы растап отыр.
Аквамәдениет жағдайында балықтарға жемдік қоспа ретінде синбиотиктерді қолдану бақылаудағылармен салыстырғанда сынақтан өтіп жатқан топтарда балықтың сақталуын 14%-ке жоғары деңгейде бактериялық инфекциялардың алдын алуға ықпал етті.
E. coli 39-SN пробиотикалық штаммымен біріктірілген табиғи минералдардың (цеолит және вермикулит) қосылуы балықтардың (құбылмалы форель (Encorhynchus mykiss), кларий сомының (Clarias gariepinus) химиялық құрамы мен тағамдық құндылығына оң әсер етеді. Тәжірибелік топтарда бақылау тобымен салыстырғанда ақуыздардың, майлардың, сондай-ақ калий, магний, темір және мырыш сияқты негізгі минералды элементтердің көбеюі байқалды.
Пробиотиктер цеолит пен вермикулиттің сорбенттік қасиеттерімен бірге ақуыз алмасуын жақсартуға және бұлшықет тінінде аминқышқылдарының жиналуына ықпал етті.
Осылайша, осы жемшөп қоспаларын қолдану балық өнімдерінің сапасын жақсартуға әсер етеді және оны тағамдық құндылығын арттыру үшін аквамәдениетте тиімді қолдануға болады.
Ұсынылған әзірлемелер Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сынақтан өткізіліп, аквамәдениет үшін бактериялық инфекциялармен балық ауруының көрсеткіштерін төмендетуге, балықтың сақталуын және олардың өнімділігін арттыруға ықпал ететін жемшөп қоспалары ретінде пайдаланылатын болады.
АР 19680173 ғылыми-зерттеу жұмысы – Қазақстандық минералдар (цеолит, вермикулит) және пробиотикалық штамм (E. coli 39-SN) негізінде аквамәдениет үшін синбиотиктердің технологиясын әзірлеу және қауіпсіздігін негіздеу.
Ғылыми жетекшісі Б.К. Бияшев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.