Әлемдегі ғылым

Қызыл шламды жоғары температурада өңдеудің инновациялық технологиясы

30.06.2026

9

Металлургия және кен байыту институтының зерттеушілер тобы ерітінділерді карбонизациялық өңдеуді, декомпозиция процесіне арналған алюминий гидроксидінің белсенді тұқымын алуды және алюминат ерітінділеріндегі қоспалар мөлшерін азайтуды көздейтін қызыл шламды жоғары температурада өңдеудің қолданыстағы әдісін жетілдіруге арналған инновациялық технологияны әзірлеу жобасын жүзеге асыруда.

Мақсаты – гиббсит-каолинитті бокситтерді қайта өңдеудің инновациялық гидрохимиялық Байер–карбонизациялық әдісін әзірлеу. Жоба аясында қызыл шламды жоғары температурада өңдеудің қолданыстағы әдісін жаңғырту, ерітінділерді карбонизациялық өңдеу, декомпозиция процесіне арналған алюминий гидроксидінің белсенді тұқымын алу және алюминат ерітінділеріндегі қоспалар мөлшерін азайту көзделген.

Жобаның міндеттері:

  • Бастапқы шикізат құрамына физика-химиялық зерттеулер жүргізу. Қызыл шламды жоғары температурада өңдеу арқылы карбонизацияға арналған ерітінділер алу процесінің оңтайлы технологиялық режимдерін анықтау.
  • Қызыл шламды өңдеу нәтижесінде алынған ерітінділерді карбонизациялық өңдеудің оңтайлы технологиялық режимдерін анықтау, декомпозиция процесіне арналған алюминий гидроксидінің белсенді тұқымын және сирек металдардың (галлий, ванадий) концентратын алу.
  • Тауарлық өнімдер – металл галлий мен ванадий пентаоксиді концентратын алудың оңтайлы режимдерін анықтау, материалдық теңгерімді есептеу және технологиялық регламентті әзірлеу.
Жобаны іске асыру барысында бастапқы шикізат құрамына физика-химиялық зерттеулер жүргізіліп, қызыл шламды жоғары температурада өңдеу арқылы карбонизацияға арналған ерітінділер алу процесінің оңтайлы технологиялық параметрлері айқындалады. Сонымен қатар, алынған ерітінділерді карбонизациялық өңдеудің оңтайлы режимдері анықталып, декомпозиция процесіне арналған алюминий гидроксидінің белсенді тұқымы мен сирек металдардың (галлий, ванадий) концентраты алынады. Бұдан бөлек, металл галлий мен ванадий пентаоксиді концентратын алудың оңтайлы режимдері белгіленіп, материалдық теңгерім есептеледі және технологиялық регламент әзірленеді.

Жоба нәтижелеріне «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар алюминий зауыты металлургиялық кәсіпорны қызығушылық танытып отыр.

Ғылыми жоба: Гиббсит-каолинитті бокситтерді қайта өңдеудің инновациялық гидрохимиялық Байер-карбонизациялық әдісін әзірлеу.
Ғылыми жетекші: С.Б. Дүйсенова.

Фото ChatGPT арқылы жасалды

«« | »»
Соңғы жаңалықтар