«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп ағымдағы жылдың 11-12 маусымында «Ғылыми идеядан ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды коммерцияландыруға дейінгі жол» атты республикалық семинарын өткізді.
Қазақстанның барлық өңірлерінен 70-тен астам ғылыми ұйымдардың 130-дан аса өкілдері ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға байланысты ең өзекті мәселелерді талқылады.
Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ренат Елшібеков талқылауға белсенді қатысып, пікірталастар жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Орталықтың Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Қайнбаев өткен ғасырдың ортасында басталған және бүгінде жаңа цифрлық және технологиялық деңгейде жалғасып жатқан Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің қалыптасу тарихын айтып өтті.
Департамент басшылары әрбір бөлімнің жұмысының ерекшелігіне егжей-тегжейлі тоқталды, оның ішінде өтінімдерді дайындау және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың барлық кезеңдерінен өту тақырыптарына, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін мемлекеттік есепке алу ерекшеліктеріне, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мониторингіне, жаңа цифрлық өнімдермен жұмыс істеуге және «ҰМҒТСО» АҚ жанындағы Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының қызметіне байланысты мәселелер талқыланды.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңның нормалары, жаңа нормативтік-құқықтық актілер, ҒЗТКЖ бойынша салықтық шегерімдер мен жеңілдіктерді қолдану мәселелері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша тұлғаларға ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде хабарламалар жіберу ережелері мен мерзімдері туралы түсініктемелер берілді. Әр қатысушы өз мәселесін көтеруге, сұрақ қоюға, әріптестерімен пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Семинардың екінші күні гранттық қаржыландыру аясында өз жобаларын жүзеге асырып жатқан жас ғалымдармен өзара байланысқа ұласты.
Семинар осындай форматтағы іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетіп отыр. Ақпарат алмасу, оңтайлы шешімдерді іздеу, тиімді коммуникацияларды дамыту – «ҰМҒТСО» АҚ жұмысындағы бұл бағыттар қазақстандық ғылыми қоғамдастық тарапынан қолдау табуда және болашақта жалғастырылмақ.