«Артемида-2» миссиясының астронавтары Айдың арғы бетін фотоға түсірді. Кадр 7 сәуірде NASA-ның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Жаңа фотода оң жақта Айдың Жерден көрінетін жақын жағының бір бөлігі көрсетілген. Ал сол жақта Айдың арғы жағының бір бөлігі бейнеленген.
«Айдың жақын жағын оның бетіне таралған қара дақтардан тануға болады. Бұл дақтар Ай тарихының ерте кезеңінде, ол жанартаулық белсенді болған кезде пайда болған. Лава ағындарының батысында орналасқан үлкен кратер — шамамен 600 мильге созылатын Ориентале бассейні, ол Айдың жақын және арғы беттерін қамтиды. «Артемида-2» экипажы — Ориентале бассейнін толық көрген алғашқы адамдар», – делінген NASA жазбасында.
Ғарыштан фотосуреттер жариялаумен қатар, астронавтар «Орион» кемесімен Жерден ең алыс қашықтыққа, дәлірек айтқанда 407 000 километрге ұшып рекорд орнатты.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DWzLzuAEpKd/
Фото: NASA