Ғылыми жаңалықтар

Африкада алып адамның ізі табылды

28.12.2013

4279

Жер бетін ондаған миллион жыл бұрын алып адамдар мекендеді деген теория дәлелденетін түрі бар. Африканың оңтүстігіндегі жартастардың бірінен ұзындығы 120 см-ге жететін алып адамның ізі табылды. Ғалымдардың пайымынша, бұл байырғы заманда өмір сүрген алыптың ізі болуы мүмкін, деп хабарлайды YTPO.ru .
Күмәншіл топ үлкен іздердің суретін көре сала, бұл аяқ ізі болуы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Айтуларынша, ол гранитті жартастың тік бетіне орналасқан, сондықтан бұлайша еркін жүру ұғымға сыймайтын көрінеді. Дегенмен іздерге 200 млн жыл болғаны анықталды: бұл уақыт ішінде өңірде көптеген тектоникалық плиталар жылжып, бұрын көлденең жатқан жазықтар көтерілген. Мамандар сондай-ақ алып адам сазды топырақ немесе құмда емес, мұздайтын магмада жүргендіктен ізі жақсы сақталған деген жорамал жасап отыр.

Сонымен бірге, ғалымдар алып іздер байырғы заманның өнер туындысы болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды. Өйткені, бұған дейін америкалық үндістердің қоныстарынан, сондай-ақ соған жақын жатқан бірқатар өңірлерден әр түрлі аңдар мен құстардың және адам іздерінің суреті ойып салынған тастар табылған болатын.
Все права защищены.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар