Қазақстан ғылымы

ЕҰУ ғалымдары Омбыдағы қазақ диаспорасының мәдени мұрасын зерттеді

27.03.2026

4

«Қазіргі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті өзгерту және қайта құру» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобасы аясында - Жәнібек Төлеубаев,  Зылиха Ибадуллаева, Данагүл Көпежанова Омбы қаласына ғылыми іс-сапарға барды.

Ғылыми іс-сапар барысында «Омбы қазақтары» аймақтық қоғамдық ұйымының басшылығымен бірлесіп жоба мақсатына сай ғылыми ынтымақтастық орнату, рухани-мәдени зерттеулер жүргізіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігі болды. Ол – Ресейдің Омбы облысындағы қазақтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрін сақтауға бағытталған, 2008 жылы құрылған, 2014 жылы ресмиленген аймақтық қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты білім беру, мәдени байланыстар орнату, ана тілін, дәстүр мен мәдениетті дәріптеу, шығармашылық ұжымдардың жұмысын қолдау, Омбы өңіріндегі қазақтардың мүддесін қорғау және ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның Омбыдағы консулдығымен және өзге де ұйымдармен серіктестікте жұмыс істеу, ұйым басшыларының бірі Қуаныш Елеутаевтың айтуынша бұл ұйым – Омбы өңіріндегі 100 мыңға жуық қазақ диаспорасы үшін маңызды мәдени орталық.

Жоба аясында болған іс-сапар кезінде Салауат, Орталық мешіт, Ықылас мешіттерінде, ауылдағы мәдениет үйінде, Омбы филармониясында өткен Наурыз мейрамын тойлауға арналған ұлттық аспаптар мен ән-күй, би өнерлері көрсетілді, қазақтың көне дәстүрлері жаңғыртылды.  Наурыз мейрамын Омбы қаласы, облысы деңгейінде атап өтті, онда  Омбы қаласындағы өнер орындары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы қаласындағы филиалының студенттері де қатысты,  атап өтсек «Сәукеле» ұлттық студиясының қазақ ұлттық киімдерін дәріптейтін сән көрсетуі, «Тұран» би театры, «Нұрай» вокал студиясы, «Мирас»  домбыра студиясы, «Арнау» қазақ би мектебі өнері, көшпелі киіз үй «Томирис» ұйымдастырған Наурыз мейрамына арналған көрмедегі ұлттық әшекелейлер мен қолдан жасалған бұйымдары ұсынылды және  кең көлемде ұйымдастырылған, еліміздің Омбы қаласындағы консулдығының қатысуымен жоғары дәрежедегі мерекелік іс-шаралар болды.

Омбы қаласы қазақтарының салт-дәстүр, халық шығармашылығы мен әдеп-ғұрып сақтау ерекшеліктері мен бүгінгі жағдайы зерттелді.  Тек Омбы қаласы ғана  емес, Омбы маңындағы ауылдар, мәселен бұрынғы Қаржас ауылы, Таврическое ауылы, Қоянбай ауылының өкілдерімен және қала маңындағы қазақтармен кездесулер ұйымдыстырылды, сұхбаттар жүргізілді, көне жәдігерлер көрсетілді. Осы өңірде ерекше сақталған «Бұғыбай жыры», «Сәукеле жыры», неке қию, қыз ұзату, тұсау кесу, азан шақыру, құдалық, той сияқты қазақы дәстүрлерді қаншалықты сақталып, өзгерістерге ұшырағаны туралы салыстырмалы талдаулар жасалды. Ғылыми экспедиция тек теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибелік тұрғыдан маңызды, мағыналы болды.

Дереккөз: https://www.enu.kz/kz/news/6971
Фото: Enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар