Алматыда алғаш рет PM2.5 бөлшектерінің химиялық құрамы анықталып, қаладағы қара түтіннің негізгі көздері белгілі болды. Зерттеуді қазақстандық және халықаралық ғалымдар тобы жүргізді. Ластану себебінің жартысынан көбі (54%) жану процестеріне, соның ішінде ЖЭО шығарындыларына, жеке тұрғын-үй секторындағы отын жағуға және атмосферада түзілетін қосалқы аэрозольдарға байланысты.
Ауа сынамасы 2022 жылғы тамыз бен 2023 жылғы шілде аралығында алынды. Математикалық үлгілеудің (PMF) озық әдісі арқылы халықаралық ғалымдар тобы, химиялық “маркерлерді” және ластанудың негізгі көздерін анықтай алды. Бұл әдіс көмір жағудан бастап, шинаның тозуына дейін барлық көздің үлесін нақты анықтауға көмектеседі.
Зерттеудің негізгі қорытындылары:
1. Көмір мен биомассаны жағу — 34%
ЖЭО мен қазандықтар (18%) жеке тұрғын үйді жылытумен бірге (16%) ластанудың үштен бір бөлігін құрайды. Ғалымдардың айтуынша қыста ауаның дұрыс араласпауының себебінен жергілікті көмір мен отынды жағу қалалықтардың денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.
2. Ластағыштардың жиналуы әсері — 20%
Алматының географиялық ерекшеліктеріне (шұңқырда орналасуы) және араласу қабатының (PBLH) төмен болуына байланысты ластағыш заттар таралмай, ауада жиналып, химиялық реакцияға түсіп, ауаның уыттылығын арттырады. Бұл “коктейльде” көмір мен биомассаны жағудың және өнеркәсіп қызметінің іздері басым.
3. Жолдағы шаң (32%). Бұл қаланың динамикасына: көлік қозғалысына, құрылыс жұмыстарына және тұрғындардың тіршілігіне байланысты үнемі ауада тұратын қаланың ластануының табиғи фоны. Оның құрамында топырақ бөлшектері, асфальт пен шинаның, тежегіш қалыптардың үйкелісінен шыққан тозаң бар. Бұл шаңның негізгі көздері – ірі магистральдар (Әл-Фараби даң. ШААЖ), бұл жерлерде көлік ағыны ұсақ бөлшектерді үнемі ауаға көтеріп тұрады. Негізінен өкпемізге түсетін әрбір қауіпті бөлшек – үйкелген асфальт пен резеңкенің тозаңдары.
4. Автокөліктің шығарынды газдары (14%): Қозғалтқыштардағы жанармайдың жануынан болатын шығарындылардың өзі 14%-ды құрайды.
Зерттеу авторлары төрт блокқа бөлінген нақты шараларды ұсынып отыр:
- ЖЭО үшін: шұғыл түрде газға ауысу және заманауи сүзгілер орнату (ЕО тәжірибесіне сәйкес бұл қатты заттардың шығарындысын 90%-ға төмендетеді).
- Жеке тұрғын-үй секторы үшін: көмір сатуға тыйым салу, газға субсидия бөлу және жылуды жоғалтпау үшін және отын қажеттілігін азайту үшін үйлердің сыртын жылыту.
- Көлік үшін: қоғамдық көлікті және микромобильділікті дамыту, техникалық байқауға қатаң талаптар қою.
- Қала үшін: PM2.5 деңгейі бойынша бір жылдық мақсат енгізу (25 мкг/м³) және бұл шаралардың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін мониторинг желісін кеңейту.
Дереккөз: https://air.org.kz/kk/smogty%d2%a3-himiyaly%d2%9b-ingredientter%d1%96-%d2%93alymdar-almaty-auasynda%d2%93y-zattardy%d2%a3-%d2%9b%d2%b1ramyn-ashyp-%d2%9barady/
Фото: Depositphotos