Қазақстан ғылымы

ЕҰУ ғалымдарының зерттеуі сабаннан құрылыс панельдерін жасауға жол ашты

17.03.2026

42

Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының зерттеуі сабаннан құрылыс плиталарын жасауға жол ашты. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жемшөпке жарамсыз сабаннан экологиялық құрылыс панельдерін өндіретін еліміздегі алғашқы өндіріс іске қосылды. 

Жаңа технология экологиялық құрылыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын күніне шамамен 15 куб пресстелген плита шығарады. Сонымен қатар бұл жоба импортты алмастыру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Мамандардың айтуынша, бұл –  ТМД елдерінде баламасы жоқ ноу-хау.  

«Бұл жобаға 70-тен аса ғалым, профессор, технолог мамандарымыз атсалысты. Осы Гумилев атындағы университетінің қызметкерлері. Екі-үш жыл көлемінде сабанның түр-түрімен лабораториялық зерттеу жүргізілді. Бидай, қарақұмық сабандарымен жасалды. Осы бидайдың  сабаны өзін жақсы көрсетті. Қазіргі уақытта бұл өндірісіміз патенттелген. Одан да басқа 20-дан астам жаңа зерттеулер өтіп жатыр. Оны алдағы уақытта көресіздер», – деді ЕҰУ Ғылыми-өндірістік орталығының техникалық директоры Рүстем Жақсылық.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/759025-euu-galymdary-sabannan-kurylys-plitalaryn-zasauga-zol-asty
Фото: Aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар