Қазақстан ғылымы

Қазақ ғалымдары жүрекке операция жасайтын VR-тренажер ойлап тапты

12.03.2026

7

Қазақ ғалымдары жүрекке жасалатын операцияны үйрететін VR-тренажер ойлап тапқан. Бұл 2020 жылы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ашылған алғашқы аралас шынайылық зертханасы мамандарының жобасы. 

Жоба коронарлық артерияларды стенттеу операциясын виртуалды түрде орындауға мүмкіндік береді. Ол үшін тек VR көзілдірік пен қолғап қажет болады. Болашақта бұл жоба медицинада білім алушы студенттердің практикалық сабағын алмастыруы мүмкін. Зертхана жетекшісінің айтуынша, бастапқы мақсат студенттерге физикалық эксперименттер жасауға мүмкіндік беретін виртуалды зертхана ашу болған.

«Жобалардың қолдану аясы медицинадан бастап, базалық білім беруге дейін қамтиды. Мысалы, физикалық зертханалар. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, біз өзіміздегі нақты кабинетке ұқсас зертханалық жұмысты виртуалды түрде жасап шығардық. Студенттер университетке де, зертханаға да келмей-ақ, виртуалды ортада физика бойынша тапсырмаларды орындай алады», – дейді Mixed reality зертханасының жетекшісі Дана Цой. 

Дереккөз: https://khabar.kz/kk/news/densaulyk/183905-galymdar-zhurekke-operatsyia-zhasaityn-vrtrenazher-oilap-tapty
Фото: Getty Images

«« | »»
Соңғы жаңалықтар