Қазақстан ғылымы

Астанада еліміздегі тұңғыш агротехнопарк құрылды

20.02.2026

2

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде еліміздегі бірінші агротехнопарк құрылды. Орталық агротехнологияларды сынақтан өткізуге және көрсетуге, жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен нарыққа дейін сүйемелдеуге, бизнес үшін технологиялық тәуекелдерді азайтуға және инновацияларды лабораториядан өндіріске тезірек жеткізуге арналған. Тағы бір маңызды бағыт — халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту.

Агротехнопарктің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метр. Оның құрылымында тәжірибелік және пилоттық жұмыстарға арналған металл өңдеу цехы бар өндірістік-инженерлік блок, резиденттерге арналған кеңсе кеңістігі, сондай-ақ толық циклді лабораториялық кешен қарастырылған. 

Сондай-ақ, құрамына ауыл шаруашылығы дақылдарын молекулалық-генетикалық зерттеу, агробиотехнология және микробиология зертханалары, физика-химиялық талдау, сынама дайындау және аналитикалық зерттеуге арналған Қазақстан-Австралия инновациялық орталығы кіреді.

Агротехнопарктің қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын, заманауи биопрепараттар мен инженерлік шешімдерді нарыққа жылдам шығару, агроөндірістің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ отандық АӨК экспорттық әлеуетін нығайту үшін маңызды рөл атқармақ.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1771495541
Фото: Ortcom.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар