Қазақстан ғылымы

ҚазҰУ ғалымдары қазақстандық каолин негізінде гемостатикалық композиттерді алу шарттарын әзірледі

16.02.2026

4

ҚазҰУ ғалымдары Көкшетау облысындағы Алексеев кен орнының қазақстандық каолины негізінде, кеуекті қаңқа ретінде поливинил спиртін, ал коагулянттар ретінде хитозан мен натрий карбоксиметилцеллюлозасымен біріктірілген каолинді пайдалана отырып, отандық (жергілікті) гемостатикалық құралдар алу шарттарын әзірледі.

Ғылыми жоба каолин және көмекші биоактивті агенттер негізінде гемостатикалық агенттерді әзірлеуге бағытталды, олар қанның ұюын жеделдету арқылы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге арналған. Қазақстандық каолин жақсы гемостатикалық қасиеттерге ие және коагулятор рөлін атқара алады, оның құрылымын басқа белсенді гемостатикалық агенттермен одан әрі күшейтуге болады және оның бетіндегі теріс зарядқа байланысты қанның ұю процесін тиімдірек ынталандырады.

Жоба аясында келесі зерттеулер жүргізілді:

  • ПВС, каолин, хитозан және натрий КМЦ негізінде мұздату-еріту әдісімен айқын қан тоқтататын қасиеттері бар отандық гемостатикалық гидрогельдерді алу шарттары әзірленді;
  • Алынған гидрогельдердің құрамы, құрылымы және жеке ерекшеліктері расталып, физикалық-химиялық сипаттамалары зерттелді;
  • Гидрогельдердің медикалық-биологиялық қасиеттері зерттеліп, олардың жақсы гемостатикалық белсенділікке ие екені анықталды.

Алынған нәтижелер осындай композицияларды клиникалық сынақтардан кейін арзан отандық импорт алмастыратын гемостатикалық құрал ретінде қолдануға болатынын көрсетеді.

Ғылыми жоба: AP19678726  «Қазақстандық каолин негізінде медициналық-биологиялық мақсаттағы гемостатикалық композиттерді алу шарттарын әзірлеу»
Жетекшісі: х.ғ.д., профессор, Оспанова А.К.

Фото жасанды интеллект (Chat GPT) арқылы жасалды

«« | »»
Соңғы жаңалықтар