Катонқарағай ұлттық паркінің ғылыми бөлімінің қызметкерлері — Рудой В.В., Болботов Г.А. және Габдуллина А.У. Шығыс Қазақстан аумағындағы қандалалардың (Heteroptera) жаңа табылымдарына арналған кезекті ғылыми мақаланы жариялады.
Зерттеу жұмысында Pentatomomorpha инфраотрядына жататын 8 тұқымдастың 27 түрінің таралуы жөнінде жаңа деректер келтірілген. Шығыс Қазақстан фаунасы үшін алғаш рет 14 түр тіркелді. Олар: Lygaeosoma sibiricum Seidenstücker, 1962 (Lygaeidae); Geocoris ater (Fabricius, 1787), G. desertorum (Jakovlev, 1871) (Geocoridae); Eremocoris abietis abietis (Linnaeus, 1758), E. plebejus plebejus (Fallén, 1807), Gastrodes grossipes grossipes (De Geer, 1773), Scolopostethus pilosus pilosus Reuter, 1875, Megalonotus chiragra (Fabricius, 1794), M. sabulicola (Thomson, 1870) (Rhyparochromidae); Dicranocephalus medius (Mulsant et Rey, 1870) (Stenocephalidae); Nemocoris fallenii R.F. Sahlberg, 1848 (Coreidae); Graphosoma consimile Horváth, 1903, Tholagmus breviceps Jakovlev, 1883 и T. flavolineatus (Fabricius, 1798) (Pentatomidae). Мұның ішінде 2 түр Катонқарағай ұлттық паркі аумағында алғаш рет анықталды. Сонымен қатар, 13 түр бойынша жаңа жиналу нүктелері көрсетілген.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан аумағындағы Pentatomomorpha (Heteroptera) инфраотрядының фаунасы 21 тұқымдасқа жататын 268 түрді құрайды.
Дереккөз: https://www.instagram.com/katonkaragay_nationalpark/
Фотода Geocoris ater. Фото жасанды интеллект арқылы жасалды.