Қазақстан ғылымы

Кертпелердің күрделі құрылымдық блоктарынан шашыраңқы кондициялық кендерді толық алу технологиялары әзірленді

27.01.2026

9

Сәтбаев университетінің ғалымдары жарылған массадағы кертпелердің күрделі құрылымдық блоктарының әртүрлі элементтерін орналастыру заңдылықтарын белгілеп, олардың негізінде шашыраңқы кондициялық кендерді толық алудың инновациялық технологияларын әзірледі. 

Зерттеу аясында 2023 жылы морфологиялық құрылымы бойынша күрделі құрылымдық блоктардың тау-кен геологиялық, тау-кен техникалық сипаттамалары негізделді, кертпелердің күрделі құрылымдық блоктары терілді, кертпелердің әртүрлі типтегі күрделі құрылымдық блоктарының геометриялық модельдері жасалды, әртүрлі типтегі кертпелердің күрделі құрылымдық блоктарының үш өлшемді сандық модельдері ұсынылды, әртүрлі типтегі кертпелердің күрделі құрылымдық блоктарын компьютерлік модельдеуге арналған бағдарламалық модульдер жасалды.

2024 жылы жарылған күрделі құрылымдық блоктардың маңызды геометриялық параметрлері анықталды, оған КҚБК мен КҚҮ координаталық тор элементтерінің геометриясын жатқызамыз, тау массасының құлауындағы кенді, кенді емес денелердің күрделі құрылымдық блоктарының орналасу заңдылықтары белгіленді, шашыраңқы кондициялық кендерді және құрамында металл бар, кондициялық кендерге жақын (салыстырмалы ауытқу 3% - дан аспайтын) кенді массаны тиеп жібере отырып, кондициялық емес кендердің кейбір бөлігін толық алу негіздемесі орындалды.

2025 жылы кенді денелердің шекараларын анықтайтын және кондициялық емес қабатты қосатын "КҚБК модельдеу" бағдарламалық модулін және "КҚБК үйілімінің ішкі құрылымы" анықтамасының бағдарламалық модулін қамтитын компьютерлік бағдарламалар кешені құрылды, жиынтықта әр түрлі кесінділердегі шашыраңқы кондициялық және кондициялық емес кендерді орналастыруды автоматтандырылған болжауға мүмкіндік береді. Әзірленген кешенді қолдана отырып, көлемдік КҚБК және КҚБК үйілімінің симуляциялық модельдеуі жүргізілді, жарылған күрделі құрылымды блоктардан шашыраңқы кондициялық кендерді толық шығарып алудың технологиясы әзірленді, жару, кен қазу-тиеу жұмыстарының өндірісіне арналған технологиялық регламент дайындалды.

Шашыраңқы кондициялық кендерді және кейбір кондициялық емес кендерді толық алудың әзірленген технологиясын қолдану пайдалы компоненттерді концентратқа шығаруды өндірудің жалпы көлемінен 10-15% - ға арттыруға мүмкіндік береді.

Ғылыми жоба: AR19676591 «Құрылымы күрделі кенді сатылы блоктарынан бөлшектенген кондициялы кендерді толық алудың инновациялық технологияларын әзірлеу»
Жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Б. Рақышев

Фото: Istock


«« | »»
Соңғы жаңалықтар