Қазақстан ғылымы

Алматы ғалымдары көгалдандыруда ғылыми әдіске сүйенеді

16.01.2026

11

Алматы ғалымдары Green Science KZ атты әлеуметтік және білім беру жобасын қолға алды. Қазір Бас ботаника бағының мамандары өңірлердің климаттық және экологиялық жағдайына сай зерттеу жасап жатыр.

Нәтижесінде әр аймақтың ерекшелігіне, яғни құрғақшылыққа, аязға, тұзды топыраққа және түрлі ауруларға төзімді өсімдік пен ағаш түрлері іріктеледі. Жоба аясында ағартушылық жұмыстар да жүзеге асады. Ұсынылатын өсімдіктердің каталогтары мен оларды егу және күтіп-баптау нұсқаулықтары жасалады. Сонымен қатар жоба ұлттық парктерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды көркейтуді көздейді. Оның мақсаты – биологиялық алуантүрлілікті сақтап, климаттың өзгерісіне бейімделу. 

Лаура Шадманова Ботаника және фитоиндустрия институтының зертхана меңгерушісі: 

- Бізге ұсыныс түскеннен бастап біз қырғыз қайыңын өсіре бастадық. Қазір бұл қайыңды лабораторияда көресіздер, зертханалық жағдайда өсіріп жатқан қайыңдарымыз бар, микроклоналды жолмен. Ұлытау облысына қырғыз қайыңын өсіруді ұсынамыз.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/749153-mamandar-kogaldandyruda-gylymi-adiske-sujenedi
Фото: Istock


«« | »»
Соңғы жаңалықтар