Ғылыми жаңалықтар

ЭКСПО-ға әзірлік жұмыстары қаралды

27.12.2013

3824

Үкімет Үйінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне әзірлену мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның есептері тыңдалды.

Премьер-Министр аталған мәселеге қатысты Елбасының ЭКСПО-ға әзірлік пен оны өткізу шараларын Ұлттық жоспарға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға ерекше назар аударды. Бұл шаралар барынша экономикалық тиімділік беруі тиіс.

Отырыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесі мен басқармасының жұмыс жоспары, көрме нысандарының құрылысы мен инфрақұрылымдарын салу мен дамыту жөніндегі жұмыс штабтарының қызметі талқыланды.

Үкімет басшысы халықаралық көрмеге әзірлік және өткізу жұмыстарын тиянақты да сапалы жүргізу қажеттігін тағы бір еске сала отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мәліметкөзі:egemen.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар