Ғылыми жаңалықтар

Өрт ошағын тез тауып, жылдам өшіретін робот

27.12.2013

3652

Ресейдің Волгодонск қаласында 12 жасар мектеп оқушысы Даниил Ефременко өрт сөндіруші робот жасап шығарды. Бұл туралы Lifenews.ru хабарлады.

Жас өнертапқыш роботтың жадына өрттің қай жерде екенін анықтап, оны өз бетімен сөндіретін бағдарлама енгізіп қойған. «Менің ағам да робот құрастырумен айналысады, – деді Даниил. – Роботқа бағдарлама жазуға сол көмектесті». Даниил Ефременконың робот құрастырумен айналысып жүргеніне үш жыл болған. Оның бұл салаға қызығуына ағасы Иван себепкер болған көрінеді. Басында ол Даниилды көмекші ретінде жанында алып жүріп, жұмыстың қыр-сырын үйреткен.

Желтоқсан айында Даниил Ефременко жарысқа қатысып, оның дербес роботы бас жүлдені иеленген. 45 робот қатысқан жарыста Даниилдың құрылғысы ең жылдам әрі ақылды болып шыққан. Ол 30 секундтың ішінде шырақ жанып тұрған бөлмені іздеп тауып, оны сөндіріп үлгерген.

Дереккөз: egemen.kz/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар