Қазақстанда биыл шегірткеден қорғау үшін 2,5 миллион гектардан аса жер өңделді. Мұндай мәліметті Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлердің бірі – зиянкестердің қаптауы. Ғалымдардың айтуынша, егінді сақтау үшін фермерлерді ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауда биологиялық әдістерге көшуге ынталандыру қажет. Мысалы, кейбір жәндік түрлері зиянкестермен қоректеніп, олардың санын табиғи түрде реттей алады. Ал алқаптарды тек химиялық құралдармен өңдеумен шектелу қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіруі мүмкін.
“Зиянкестердің санын пайдалы жәндіктер де реттей алады. Егер биофабрикаларда биозертханаларды жаппай өндіріп, зиянкестер көп таралған аумақтарға жіберетін болсақ, бұл жәндіктер олардың санын бақылауда ұстап, экономикалық зияндылық шегінен төмен деңгейде сақтай алады. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау жүйесіне биологиялық әдістерді, оның ішінде биопрепараттарды енгізу қажет. Сонда біз экологиялық таза өнім мен органикалық өндірісті қамтамасыз ете аламыз”, – дейді Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының төрағасы Бақытжан Дүйсембеков.
Дереккөз: https://24.kz/ru/news/social/741584-uchjonye-prizyvayut-perekhodit-na-biologicheskie-metody-zashchity-urozhaya
Фото: Istock