Әлемдегі ғылым

Ауыл шаруашылығы жануарларындағы хламидиозды диагностикалауға арналған тест-жүйе жасалды

05.11.2025

25

«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының ғалымдары ауыл шаруашылығы жануарларындағы хламидиозды диагностикалау үшін тазартылған иммуноглобулиндермен толықтырылған экспрессиялық векторларға негізделген рекомбинантты иммуноферменттік тест-жүйе әзірледі.

Жануарлар хламидиозы (Chlamydiosis) – этиологиялық тұрғыдан бір топқа біріктірілген, бірақ көп жағдайда инфекциялық процестің өту ерекшелігі мен клиникалық көрініс формалары бойынша бір-бірінен ерекшеленетін аурулардың үлкен тобы.  Хламидиоз аналық малдың (сиыр, қой, ешкі, шошқа, жылқы) түсік тастауымен, пневмония, полиартрит, энтерит, энцефаломиелит және конъюнктивит белгілері бар өміршең емес немесе әлсіз жануарлардың тууымен сипатталады. 

Зерттеудің мақсаты экспрессиялық векторларды жобалау әдістерін қолдану және рекомбинантты B. subtilis штаммын құру арқылы орындалды. Иммуноферменттік тест жүйесін құрастыру жүргізілді. Прототиптік сынақ, зертханааралық салыстыру сынақтары өткізілді.

Ғылыми жоба: AP14870028 “Ауыл шаруашылығы жануарларындағы хламидиозды диагностикалау үшін экспрессиялаушы векторлар негізінде рекомбинантты иммуноферменттік тест-жүйе әзірлеу”
Жетекшісі: Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметсалдыков Н.Н.
«« | »»
Соңғы жаңалықтар