Экономика ғылымдары бойынша 2025 жылғы Нобель сыйлығы инновация мен технологиялық прогрестің қоғамның баюына қалай көмектесетінін түсіндірген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды ВВС.
Жүлденің жартысы АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің қызметкері Джоэл Мокирге бұйырды. Қалған жартысын Франс колледжінің қызметкері Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің қызметкері Питер Хоуитт бөлісті. Олар инновацияның одан әрі ілгерілеуге қалай серпін беретінін түсіндірді.
— Соңғы екі ғасырда әлем тарихта алғаш рет тұрақты экономикалық өсімнің куәсі болды. Бұл қаншама адамға кедейліктен құтылуға мүмкіндік берді және біздің өркендеуіміздің негізін қалады, — деп түсіндірді Швеция Ғылым академиясы биылғы сыйлықты.
Өткен жылы бұл сыйлық ғалымдар Дарон Асемоглу, Джеймс Робинсон және Саймон Джонсонға берілген еді.
Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/talgardagi-kandi-okiga-ks-oltru-men-bala-urlau-s-boyinsha-tergeu-ayaktaldi-2fec13/
Фото: Istock