Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары жануарлар ағзасындағы және мал шаруашылығы өнімдеріндегі радиоактивтілікті азайтудың жаңа тиімді жолдарын әзірлеу үстінде.
Қазіргі заманғы медицина мен ветеринарияның өзекті мәселелерінің бірі адам мен жануарлардың радиациялық зақымдануының алдын алу және патогенетикалық терапияның тиімді әдістерін іздеу болып отыр. Организмнің радионуклидтермен радиоактивті ластануын азайту үшін радионит сияқты құны жоғары және тиімділігі, практикалық және әмбебаптығы жоғары сорбенттерді, атап айтқанда, полиметилксилоксанды толық гидратты қолданған жөн.
Аталған жоба радиациялық қауiпсiздiктi және алынған мал шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын радиациялық қауiптi аймақтарда зерттеуге бағытталған алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысы болмақ. Ғылыми жұмыс барысында цезий мен стронций радионуклидтерін жануарлар организмінен шығаруға арналған табиғи және синтетикалық препараттарды қолдану тиімділігінің заңдылығы зерттеледі.
Жобаны коммерцияландыру мүмкіндігі жоғары, себебі зерттеу аясында алынған ғылыми-зерттеу нәтижелерін пайдалану мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық субъектілеріне, сондай-ақ радиациялық қауіпті аумақтарда орналасқан шаруашылықтарға халыққа радионуклидтермен ластанған мал өнімдерін жеткізу мен пайдаланудан туындайтын қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік береді. Ветеринариялық зертханалар жануарлардың радиациялық қауіпсіздігін анықтаудың жаңа әдістемелерін қолданатын болады.
Бұл зерттеудің экономикалық тиімділігі де жоғары, өйткені оны іске асыру барысында радиациялық тәуекелді бағалау жүйесінде жаңа тәсілдер мен критерийлер әзірленіп, жануарлар ағзасында және мал шаруашылығы өнімдерінде радионуклидтердің мөлшерін төмендету жолдары жасалады.
Ғылыми жоба: AP19577014 Жануарлар ағзасындағы және мал шаруашылығы өнімдеріндегі радиоактивтілікті төмендету тәсілдерін әзірлеу
Жетекшісі: Абжалиева Аида Болатбековна, PhD
Фото: Istock