Әлемдегі ғылым

Оралдық ғалымдар жасанды қол жаcады

12.09.2025

72

Оралдық өнертапқыштар қол протезін жасады. Оның ерекшелігі - саусақтары бұлшық еттен берілетін белгі арқылы өздігінен ашылып-жұмылады. Сондай-ақ ғалымдар инсульт алған немесе түрлі неврологиялық ауруға ұшыраған жандарға реабилитациялық қолғап та жасады.   

«Егер адам өндірісте, не түрлі апатта жарақат алып қолсыз қалса,  осы протезді қоюға болады. Адамның білегіндегі бұлшық ет қозғалғанда жасанды қол да жұмыс істейді. Қозғалыс «сервопривод» арқылы аппараттық платформаның көмегімен басқарылады. Сенсор бұлшық еттерден келетін сигналды оқиды. Бұлшық ет тартылғанда физикалы белсенділікті өлшеуіштерге сигнал түседі. Жұмыс істеу принципі осы. Әрине бұл дұрыс жұмыс жасау үшін мықты бағдарлама керек», - дейді жоғары оқу орнының конструкторы Евгений Сюсько. 

Оқу орны ғалымдары реабилитациялық қолғап та ойлап шығарды. Бұл медициналық құрылғы жарақаттан, инсульттен, отадан кейін немесе неврологиялық аурулар салдарынан семіп қалған саусақтардың қимылын қалпына келтіруге арналған.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/729333-oraldyk-galymdar-zasandy-kol-zasap-zatyr
Фото: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар