М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жас ғалымы, PhD Серікбаева Бағдагүл Сәдуехасқызы жаңа өнім дайындап жатыр.
«Бейорганикалық және мұнай-химия өндірістері технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы «Жас ғалым» грантын жеңіп алып, металлмен қапталған полимер материалдарын зерттеуді бастады. Бұл өнім аэроғарыштан бастап, көлік, медицина және цифрлық өндірістерге дейін кең қолданылады.
Мақсатым – сапалы, арзан әрі ерекше қасиеттерге ие өнім жасап, қазақстандық шикізатты тиімді пайдалану. Бұл өндірісте металлды үнемдеуге, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді ол.
Бағдагүлдің ғылымға қызығушылығы бала кезінен басталған. Енді өз жобасы арқылы ел өндірісіне серпін беруді мақсат етеді.
«Жас ғалымдарға қолдау бар, енді тек ізденіс пен еңбек керек!» - дейді ол болашақ зерттеушілерге.
Дерекөөз: https://t.me/gylym_jogary_bilim/10497
Фото: Auezov Univercity