Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары жорғалаушылар мен жәндіктерге қарап, араға ұқсас жаңа робот жасап жатыр. Болашақта бұл робот Марста өсімдіктерді тозаңдандыруға пайдаланылуы мүмкін.
Қағаз қыстырғыштан да жеңіл бұл құрылғы қанатын секундына 400 рет қаға алады және ең жоғары жылдамдығы секундына екі метрге жетеді. Сондай-ақ ол аударылып ұшып, ауада қалықтай алады.
«Біз жай ғана аралар орындай алатын ғажайып қимылдарды қайталауға тырысамыз», – дейді робот жасауға қатысып жүрген PhD-дің төртінші курс докторанты И-Хсуан «Немо» Сяо.
Ғалымдар болашақта мұндай робот жасанды тозаңдандыру секілді жұмыстарды, тіпті, басқа ғаламшарда да атқара алады деп үміттенеді. «Егер Марста бірдеңе өсіретін болсаңыз, оны тозаңдандыру үшін көп жәндікті алып барғыңыз келмейтіні анық», – дейді Сяо. – «Міне, дәл осы жерде біздің роботтың пайдасы тиюі мүмкін», – деп қосты ол.
MIT-тің доценті әрі Жұмсақ және микро робототехника зертханасының жетекшісі Кевин Ченнің сөзінше, команда араларды алмастыруды мақсат етпейді, тек жәндіктер істей алмайтын жағдайларда роботтарды пайдаланғысы келеді.
Дереккөз: https://edition.cnn.com/science/mit-insect-robots-mars-hnk-spc
Фото: CNN